From Wikipedia, the free encyclopedia
Төлеу Көбдіков (1874, қазіргі Шығыс Қазақстан облысы Шұбартау ауданы – 1954, Шар қаласы) – ақын, Қазақстанның халық ақыны (1954).
Абақ Керей тайпасының Жастабан руынан шыққан.[1]
Жасынан Абайдан тәлім алған. Ертеректе жазған өлеңдері сақталмаған, кейін тұрмыс жағдайымен Батыс Сібір, Алтай жаққа қоныс аударып, ақындық өнерден қол үзген. 40-жылдардың басында туған жеріне оралғаннан кейін қайтадан өлең шығара бастайды. 1916 жылғы халық азаттық көтерілісіне арналған “Сарыарқа”, “1916 жыл” (1940) атты өлеңдері бар. Соғыс жылдарында ақынның “Жеңіс серті”, “Ұлдарым”, “Төлегенге”, “Жаудан жерім тазарады”, т.б. өлеңдері газет-журналдарда жарияланып тұрды. Соғыстан кейінгі жылдары еңбек тақырыбына арналған “Абай тойы” (1945) поэмасы мен “Қазақстан” (1946) атты көлемді толғауы дүниеге келді. 1943 ж. облысаралық ақындар айтысына қатысқан. Мұқаш ақынмен әзіл айтыс жасап, кейін Уәйіспен, Нұрлыбек Баймұратовпен (1944) сөз сайысына түскен. Төлеудің “Алып күшті Отаным” (1948), “Өмір жыры” (1953), “Өлеңдер” (1955), “Жырларым” (1975) атты жыр жинақтары жарық көрген. [2]
Seamless Wikipedia browsing. On steroids.
Every time you click a link to Wikipedia, Wiktionary or Wikiquote in your browser's search results, it will show the modern Wikiwand interface.
Wikiwand extension is a five stars, simple, with minimum permission required to keep your browsing private, safe and transparent.